Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ ерекше режимде жұмыс істейтін полицейлерді көтермелейді

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты еліміздің ішкі істер органдарының жеке құрамы ерекше жұмыс режиміне ауыстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер, әскери қызметшілер, азаматтық қорғау қызметкерлері құқықтық тәртіпті, аса маңызды объектілер мен халықтың тыныс-тіршілігін және көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілерді қорғау, сондай-ақ карантиндік іс-шаралар жүргізу бойынша тәулік бойы қызмет атқарады.

Осыған байланысты Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев төтенше жағдай кезінде жұмыс істейтін қызметкерлерді көтермелеу туралы шешім қабылдады.

«Біз қызметкерлеріміздің қайсарлығы мен жауапкершілігін көріп отырмыз. Барлық қазақстандықтар үшін осы күрделі кезеңде олар күндіз-түні өзінің қызметтік борышын және ел басшылығы қойған міндеттерді орындайды. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге қатысатын қызметкерлер материалдық ынталандырылады. Бұл мақсатқа ІІМ 653 млн.теңге бөлді» , – деп атап өтті ІІМ басшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру