Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордаға кіру-шығу жолдары бақылауға алынды

Қызылордалық полицейлер төтенше жағдай режиміне байланысты аумаққа кіру-шығу жолдарын бақылауға алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде коронавирус инфекциясы пандемиясының жариялуына байланысты, ҚР Ішкі істер министрінің 17.03.2020 жылғы №222 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше тәртібіне ауыстырылды.

Осыған орай  Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Күні–түні рейдтік жұмыстарды жүргізіп, төтенше жағдай кезінде іске асырылатын талаптардың сақталуын қатаң қадағалауға алынды.

​​​​​​​Бүгіннен бастап “Қызылорда – Павлодар” 13 шақырымында және “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” Жаңақорған ауданы аумағында республикалық маңызы бар тасжолдарына бақылау орнатылды.

Полиция қызметкерлері медицина қызметкерлерімен бірлесіп бірқатар жұмыстар жүргізіп жатыр. Облысымызға жол тартқан әрбір жолаушы тексеріліп, өткізіледі. ​​​​​​​​​​​​Қызылорда облысы ПД  жергілікті полиция қызметі  ППБ–ны қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдардарда қызметтік көліктерімен жұмылдырылып, жедел әрекет етеді.

Қызылордалық полицейлер азаматтарға төтенше жағдай кезінде белгіленген заң талаптарын сақтауды керектігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру