Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында қоқысты белгіленбеген жерге тастаған азамат жауапкершілікке тартылды

Құқық бұзушылық Жетісу облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында бейнебақылау камералары арқылы қоқысты белгіленбеген жерге тастаған азамат анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Бейнежазба негізінде полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Азаматқа қатысты тиісті шаралар қабылданып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Бейнебақылау жүйесі құқық бұзушылықтарды анықтап, оларға жедел ден қоюға және құқық бұзушыларды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Полиция азаматтарды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға және белгіленген талаптарды сақтауға шақырады. Өңірдің тазалығы мен абаттандырылуы – баршаға ортақ жауапкершілік.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру