Ұрының кесірінен шаштараз жұмыссыз қала жаздады
Қостанай облысында полицейлер шаштараздың құралын ұрлап кеткен ұрыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Денисов ауданында болған. Полицияға шағымданған жергілікті шаштараз Людмила Артюхова салонында электр машинкасының ұрланғанын жеткізеді.
Полиция қызметкерлері көп ұзатпай Денисовка ауылының 26 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Ол танысынан қарызға ақша сұрамақ болып салонда жолыққан. Кенет үстелде жатқан машинканы көріп, қалтасына салып алған. Ұрланған зат иесіне қайтарылды.
– Мен шаштараз болып жұмыс істеймін. Бұл машинка – табыстың жалғыз құралы болатын. Ұрыны ізін суытпай ұстаған полицейлердің кәсібилігіне тәнті болдым. Оларға айтар алғысым шексіз, – дейді Артюхова.