Жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды
Жамбылда жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол әлеуметтік желілер арқылы «С понедельника 30.03.2020г. Шу закрывается на официальный карантин» деген мазмұнда ақпарат жариялаған.
Аталған дерек бойынша Шу аудандық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 34 жастағы Шу қаласының тұрғыны анықталды.
Ұсталған әйел өзінің қате жасағанын мойындады.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (төтенше жағдай кезінде, көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындардан тек ресми ақпараттарға сенуді сұрайды.