Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз қару асынғандар құрықталды

Түркістан облысының полицейлері заңсыз қару асынғандарды құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полицейлер заңсыз аң аулаудың жолын кесіп, Қызыл кітапқа” енген өсімдіктер мен аң-құстардың жойылмауын қадағалау үшін ұдайы тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. ​​Осындай кезекті рейд барысында Созақ аудандық полиция бөлімшесінің табиғат қорғау тобының инспекторы Жомарт Атабаев “Қаратау” мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз қару сақтағандарды анықтады. ​​​​​​​​28.03.2020 жылы “Қаратау” тауының “Борсылдақ” сайында екі азаматтың қару асынып жүргенін байқайды.

Полицей мен қорықшыларды көрген тұрғындар қашуға тырысқан. Дегенмен табиғатты қорғаушылар тез әрекет етіп, ер адамдарды ұстайды. Алайда, олар асынған қаруларын жасырып үлгерген. Бірақ тау-тастың арасына жасырылған қару табылды.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.​​​​​​​​ Күдіктілерден айғақты зат ретінде ІІО тіркелмеген, заңсыз сақталған екі атыс қаруы оқтарымен, аңшы пышағы анықталып, тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды. Тіркелмеген қару асынған азаматтар өз кінәларын толық мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру