Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Павлодарда көлікті пайдалану ережелерін бұзған 2 845 жүргізуші жазаланды

Павлодар облысында көлікті пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жыл басынан бері 2 845 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласындағы Н. Назарбаев даңғылы бойында патрульдік полиция батальонының инспекторлары BMW автокөлігін тоқтатты. Себебі оның алдыңғы бүйір әйнектерінде түрлі-түсті пленка жапсырылған болды.

Жүргізуші полиция талаптарына түсіністікпен қарады. Полицейлердің қатысуымен ол пленканы өздігінен алып тастады.

Жүргізуші жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Автокөлік жүргізушісінің көрінуін шектейтін себептердің бірі – алдыңғы және алдыңғы бүйір әйнектеріне түрлі-түсті пленка жапсырып алуы. Бұл апатқа алып келуі мүмкін, әсіресе қараңғы уақытта.

– Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жыл басынан бері 2 845 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік салонының алдыңғы және алдыңғы бүйір әйнектеріне түсті пленкаларды жабуға немесе жабыстыруға тыйым салынады, – деп түсіндірді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру