Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жалған полицейлер ұсталды – ІІМ

Шымкентте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері қала тұрғындарына күш қолдану арқылы үлкен көлемдегі қаражатты ашық түрде иемденген үш ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Қаскүнемдер полиция қызметкерлерінің атын жамылып, тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысып, “қорғауға” аламыз деп, ай сайын төлем талап еткен.

Күдіктілердің бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екінші күдікті алаяқтық үшін бұрын сотталған болып шықты.

Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан оларға қатаң түрде тосқауыл қойылатын болады.

Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бопсалау, тонау және билік өкілі атағын өз бетінше иемденіп алу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қаскөйлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру