Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бейтаныс адамға құжат тапсырғанда абай бол!

Алматы полициясы жәрдемақы құжаттарын тапсырғанда күмәнді көмекшілердің қызметіне жүгінбеуге шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы ПД криминалдық полициясының киберқылмыспен күрес бөлімінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасында карантиннің енгізілуіне байланысты, полиция, қала тұрғындарын осы жағдайды пайдаланғысы келетін алаяқтардың кез-келген әрекетінен ескерткісі келеді.

 «Біз Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын хабардар еткіміз келеді, сонымен қатар, тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды ескерткіміз келеді.  Сатып алу, сату немесе инвестициялық жобаларға қатысу кезінде, мобильді байланыстың көмегімен немесе Ғаламтор арқылы әлеуметтік төлемдер мен кез келген басқа көмек көрсету кезінде сақ болу керек. Сіз, күмәнді беделге ие әртүрлі сайттарға (онлайн-казинолар, инвестициялық платформалар, криптовалютаға ақша салғанда және т.б.) кірген кезде абай болуыңыз керек, әртүрлі пайдаланушылардың пікірлерімен мұқият танысыңыз.  Ақпараттық технологияны қолданған кезде, тексерілмеген сату көздерін пайдалану өте қауіпті екенін білу керек », – дейді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жанболат Зиадин.

Полиция ешқандай жағдайда үшінші тараптарға төлем карточкалары, ПИН-кодтар, SMS, CVV / CVC кодтары арқылы келген түрлі қол жетімділік құпия сөздері туралы ақпарат бермеуге кеңес береді.

 «Сіз өзіңіздің ЖСН, БСН, жеке куәліктердің көшірмелерін, банк карталарының фотосуреттерін немесе ЭЦК-ді беруге болмайды, тіпті егер олар әлеуетті сатушылар немесе сатып алушылар болса да, сатып алушымен / сатушымен бетпе-бет кездескенге дейін қолма-қол ақша аударудан бас тартуға тырысыңыз.  Электрондық әмияндарға алдын-ала төлем жасауға келіспеңіз.  Төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік төлемдер тек ресми ақпарат көздерінен шығарылып, аударылатынын тағы бір еске салғым келеді.  Сондай-ақ, әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруда көмек көрсететін немесе төлем процесін жеделдететін алаяқтардан сақ болыңыз », – деді, полковник Зиадин.

Алматы полиция Департаменті азаматтарды сақ болуға, абай болуға және кез-келген күдікті әрекеттерден аулақ болуға шақырады.  Жедел хабар алмасу құралдары арқылы күмәнді көмек көрсету туралы хат келсе полицияға хабарлау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру