Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қала тұрғындары талаптарды елемейді

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдай режимін бұзудың 70-тен астам фактісі анықталды,  оның 30-дан астамы карантин кезеңінде орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО құқықтық тәртіп органдарының қызметкерлері төтенше жағдай кезеңінде ерекше режимде қызмет атқарады.  Петропавл қаласы карантин енгізілгелі облыс орталығы көшелерін патрульдеу  күшейтілді.  Сондай-ақ,  қоғамдық тәртіпті сақтауға ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанттары, әскери қызметшілер тартылды.  Петропавлдың көшелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жалпы 500-ден астам полиция қызметкері,  әскери қызметшілер мен курсанттар жұмылдырылды.  ТЖ режимі кезінде полицейлер блок-бекеттерде қызмет атқарып,  коронавирустық инфекция ошақтарын күзетеді.

Қауіпті індеттің таралуына қатысты орнатылған шектеу шараларының қатаңдатылғанына қарамастан кейбір қала тұрғындары талаптарды елемейді, бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына ықпал етуі мүмкін.  СҚО-да төтенше жағдай режимін бұзудың 70-тен астам фактісі анықталды,  оның 30-дан астамы карантин кезеңінде орын алды.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру