Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Ақтөбе облысында COVID-19 жалған ақпарат тарату фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында жалған ақпарат таратқаны үшін жеке емхананың 46 жастағы қызметкері ұсталды.

Интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу барысында полицейлер WhatsApp желісі арқылы таратылған жалған ақпаратты анықтады. Белгісіз әйел адам аудио жазып, оны сыныптастар тобына жіберген.

Жазуда “Ақтөбедегі коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны ресми ақпараттан әлдеқайда көп және жеке клиниканың барлық қызметкерлері жұқтырған және карантинде жатқызылды” деген мәліметтер айтылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат таратқан жеке емхананың 46 жастағы қызметкерін анықтады. Күдікті өзінің заңсыз іс-әрекеттерін мойындап, жасаған ісіне өкініп отыр.

Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы өтенше жағдай кезінде құқық тәртібінбұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік сот 40 АЕК-ке (106.040 теңге) әкімшілік айыппұл салды.

Ақтөбе облысының Полиция департаментіаймақ тұрғындарын жалған ақпарат таратуфактілерін анықтау үшін күн сайын мониторинг жүргізіліп, провокаторларды орнату бойыншажедел жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру