Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде автокөлікті есірткілік масаң күйде басқарған LADA Priora жүргізушісі анықталды

Ақтөбеде автокөлікті есірткілік масаң күйде басқарған LADA Priora жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 2 тамыз күні патрульдік полиция қызметкерлері Сәңкібай батыр көшесіндегі үйдің ауласында жол ережесін бұзғаны үшін, сонымен қатар автокөлікті есірткілік мас күйінде басқарған 46 жастағы жүргізушінің басқаруындағы LADA Priora автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.Автокөлік арнайы тұраққа қойылған. Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру