Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынға “жүргізуші куәлігін” жасап бермек болған шымкенттік алаяқ ұсталды

Тұрғынға “жүргізуші куәлігін” жасап бермек болған шымкенттік алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында жеке тұлға көлік жүргізуші куәлігін жасап беремін деп, 110 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен алып, алдап кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті мекемеге жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру