Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мотоцикл мінген мас жүргізуші қамауға алынды

Ақтөбеде мотоцикл мінген мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 1 тамызында сағат 06:00-де полиция қызметкерлері Ш.Уәлиханов көшесі бойындағы вокзал маңы алаңында 27 жастағы жүргізушінің басқаруындағы мемлекеттік нөмірсіз мотоциклді тоқтатты. Жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны, мас күйінде мотоцикл жүргізгені анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мотоцикл арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жарты жыл ішінде мотоциклистердің қатысуымен бес ЖКО тіркелді, онда екеуі қаза тауып, үш адам жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру