Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер 60 велосипедті иелеріне қайтарды

Павлодарлық полицейлер 60 велосипедті иелеріне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда велосипедтерді ұрлаудың 91 фактісі тіркелді, олардың 60-ы табылып, иелеріне қайтарылды.

– Мысалы, бір жағдайда, павлодарлық түнгі уақытты пайдаланып, көршісінің үйінің ауласынан велосипедін ұрлап кеткен. Басқа жағдайда ер адам Усолка өзенінің жағасында қараусыз қалған велосипедті көріп, ешкім болмаған сәтті пайдаланып, екі доңғалақты көлікті ұрлап кеткен, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Денис Лоскутов.

Полиция қызметкерлері тұрғындардың өз мүліктеріне мұқият қарауларын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру