Көшеде негізсіз жүргені үшін 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Алматыда өтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 14 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен тәулік ішінде, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына (төтенше жағдай режимін бұзу) сәйкес 19 әкімшілік материал қаралды, оның ішінде әкімшілік қамауға алу – 12, айыппұл – 7. Көрсетілген санның ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы 6-тармағына сәйкес көшеде негізсіз жүргені үшін 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 8-і қамауға алынды, 3 адамға айыппұл салынды.
Қалада карантин басталғаннан бастап 292 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 147 адам әкімшілік қамауға алынса, 139 адамға айыппұл салынды, 6-на ескерту берілді.
Қазіргі уақытта қалада жаяу патрульдік жұмыстарға 3 мыңға жуық адам тартылған, олардың 1 мың 500-і полиция қызметкерлері, Қорғаныс министрлігінің 400-ге жуық әскери қызметшісі және Ұлттық ұланның 1 мың 500 әскери қызметкері, олар тұрғындарға үйде отыру қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
997 патрульдік бағыттар жасалды.
Жалпы алғанда, Алматыдағы карантиндік шараларға Департаменттің және Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің жеке құрамынан 5 мың 500-ге жуық адам қатысады.
Қалада 26 бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылды, оған 208 полиция қызметкері тартылды.
Жалпы бір тәулікте қала бойынша қозғалу құқығы бар-жоғына 6,540 автокөлік тексерілді.
Аудандық ПБ-на бақылау-өткізу бекеттерінен 21 автокөлік жүргізушілері қалада ешқандай себепсіз жүргендері үшін жеткізілді, 14 көлік құралы айыппұл тұрағына орналастырылды. «AИС БДД» АӨК-нің 3 сәуірдегі талдауы бойынша қаланың негізгі көшелерінде көліктердің қозғалысы едәуір төмендегенін көрсетті.
Сонымен, сағат 11.00-ден 12.00-ге дейінгі аралықта камералар арқылы тіркелген көліктер саны 3 мың 764 болды(АШАЖ, Райымбек-Саин, Сейфуллин-Жансүгіров, Төлеби-Розыбакиев) барлық бағытта.
Осыған ұқсас уақыт кезеңінде 11 наурызда аталған көшелердегі көлік саны 15 мың 386 құрады.