Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еріктілер тәртіп бұзғандарды анықтауға көмектесіп жатыр

Түркістан облысының полицейлеріне көмекке келген еріктілер тәртіп бұзуға қатысты 13 деректі анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олар қолдан келген көмекті барынша жасап қалуға тырысып бағуда. Бірі тұрғындарға маскаларды тегін таратса, басқалары күшейтілген режимде блок-бекеттерде қызмет атқарып жатқан полицейлер мен медицина қызметкерлеріне ас-ауқаттарын жеткізіп тұр.

Оған дәлел ретінде Бәйдібек ауданының еріктілерін атап өтуге болады. Олар өңірдегі «Борлысай», «Екпінді», «Түйетас» санитарлық бекеттеріндегі қызметкерлерге «Сіздерге мың алғыс» деген жүрекжарды лебіздерін тәтті тоқаш бетіне жаздырып тосынсый жасап, ыстық тамақтарын жеткізіп берді.

​ Еріктілер – осындай жаны таза адамдар. Олар елдің шынайы патриоты, сол үшін де құрметке лайық. Еріктілердің барлық салада өзіндік қолтаңбасы бар. Тіптен, Түркістан облысы Полиция департаменті полицейлеріне көмектесіп, өз үлестерін қосуға 50-ге тарта еріктілер жұмылдырылған.Төтенше жағдай енгізілгелі бері Түркістан облысында аталған еріктілердің көмегімен 13 құқықбұзушылық анықталып, олар заңға сәйкес ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен (төтенше жағдай режимін бұзу) тіркеліп, хаттама толтырылған.

Мысалы, Түркістан қаласындағы кафелердің бірінде «құдалық, тәтті шай» жасаған азаматты анықтап, оған Түркістан қалалық сотымен 26 мың 510 теңге айыппұл салынған. Оған қоса, тағы бір кафеде туған күн жасаған азамат анықталып, ол бес тәулікке қамауға алынған. Мұның барлығында еріктілерге полицейлер көмектескен.

Жандары жақсылықты қалаған белсенді жастар осылайша, ауыз толтырып айиарлықтай әрекеттер жасауда. Ерікті болу – ерлікпен тең десек, аталған азаматтардың қоғам үшін атқарып жатқан ерен еңбегі ақталып, азаматтық қоғам дамуында белсенділік жаңа деңгейге көтерілетініне сенім мол. Кез келген тұрғынның жүрегінде жалын, бойында елім деген қаны қайнаса, белсенді өмір сүруді дағдыға айналдырса, біз алынбайтын қамал  жоқ. Біз біргеміз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру