Жеңгетайлық ұйымдастыру жайты анықталды
Түркістан облысы полицейлері Сарыағаш ауданында жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру жайтын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы ПД КПБ-на Сарыағаштық тұрғын арызданған. Ол өзінің арызында Сарыағаш қаласында жеңіл жүрісті қызмет көрсететінін саунаның барын айтып, онда жеңгетайлық орын алып жатқаны туралы хабарлаған.
Аталған жайт Түркістан ПД КПБ-мен ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру тізіліміне енгізілді.
Тұрғынның хабарламасын ала салысымен заңсыздыққа жол бермеу, істің толық мән-жайын анықтау мақсатында Түркістан облысы ПД КПБ-ның қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде шынында Сарыағаш қаласындағы аталған саунаның жұмыс жасап тұрғаны анықталып, жеңгетайлық жасаған жас қыз ұсталды. Оған қоса, саунада Өзбекстанның екі азаматшасы мен Шымкент қаласының бір тұрғыны ұсталып, қызмет көрсететіні айқындалды. Олардан айғақты зат ретінде ақша тәркіленіп алынды.
Осы жоғарыда көрсетілген Өзбекстан азаматшалары Сарыағаш АПБ-не жеткізіліп, азаматтарды қабылдап тарату орнына қамалды.
Сауна әкімшілігіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бабымен хаттама толтырылды.
Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы (жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Тәртіп сақшылары қазіргі таңда істің толық мән-жайын анықтап жатыр.