Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстары жалғастырып жатыр

Ақтөбе облысында төтенше жағдайлар кезінде 386 тәртіп бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.


14 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 386 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша (ТЖ
режимін бұзу) – 360 бұзушылық, оның ішінде 76 адам қамауға алынды, 133 айыппұл салынды, 103 ескерту жасалды, 40 материал сотқа жіберілді.


ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 26 бұзушылық анықталды, оның ішінде 14
айыппұл салынды, 12 қамауға алынды.


Мысалы, 11 сәуір күні Құрмыш ауданында тұратын 36 жастағы ер адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы 6-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, ол сағат 22.30-да Ақжар-2 тұрғын алабында төтенше жағдай режимін бұза отырып мас күйінде болған. Әкімшілік сотпен ер адамға 10 АЕК (27.780 теңге) айыппұл салынды.


Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алып жатыр, мұндай бұзушылықтар 17 анықталды, оның ішінде төрт адам қамауға алынды, үш айыппұл салынды.


Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және
жақындарыңызды қорғаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру