Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада үздік полиция қызметкерлері марапатталды

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында елордалық полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға жеке құрам, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев қатысушыларды мерекемен құттықтады.


Қай заманда болсын Отанды қорғау әр адам баласы үшін қасиетті парыз болған және болып қала береді. Құқықтық тәртіпті қорғаушылардың қазіргі ұрпағы халқымыздың өткен дәстүрлерін сақтай отырып, қылмыспен күреседі, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бойынша адал қызмет атқарады, – деп атап өтті елордалық полиция басшысы.

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне 79 жыл толады. Ардагерлердің өмір жолы патриотизмнің, адамгершіліктің және антқа адалдықтың ең жоғарғы көрсеткіші болып қала береді.


Біз жеңімпаздардың ұрпағына бейбіт аспан үшін шексіз ризамыз. Олардың ерлігі – ұрпақтар үшін үлгі. Аталарымыз айрықша бағамен қорғаған бостандық, әділдік, теңдік мұраттары біз үшін әрқашан жаңа Қазақстанды құруда мызғымас бағдар болады, – деп атап өтті Марат Төлебаев.

Тәуелсіздік жылдарында азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғап, 8 полиция қызметкері ерлікпен қаза тапты, қызметтік борышын атқару кезінде елордалық полицияның 17 офицері қаза тапты. Жолдастары туралы естелік полицейлердің жүрегінде мәңгі қалады. Бейбіт уақытта олар тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін қиып, соңына дейін анттарына адал болды.

Мереке қарсаңында қызмет атқару кезінде  ерекшеленген қызметкерлер ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен, сондай-ақ елордалық полиция департаменті бастығының бұйрығымен қызметтік борышын адал орындағаны үшін медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен дәстүрлі түрде марапатталды.

Патрульдік полиция полкінің инспекторлары, аға лейтенанттар Евгений Казаков пен Айбек Дүйсенов “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды. ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен айдауылдау қызметі взводының полицейі старшина Анар Бакетова марапатталды. ҚР ІІМ грамотасымен патрульдік полицияның мамандандырылған батальоны қызмет аға инспекторы полиция капитаны Дамир Әміренов марапатталды. ПД бастығының бұйрығымен ардагерлер кеңесінің мүшелері Аманғали Икласов, Сафар Қолдыбаев және Нұрпейіс Әлімқұлов бағалы сыйлық қол сағаттарымен марапатталды. ПД грамотасымен мамандандырылған күзет қызметі басқармасы тылмен қамтамасыз ету бөлімшесінің полицей жүргізушісі старшина Махсут Темирбеков марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру