Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының оқушылары полиция қызметкерлерімен еркін форматта кездесті

Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық білім беру ұйымдарын қамти отырып, оқушылармен еркін форматтағы кездесулер өткізді, –  деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандарды түрлі зиянды әдеттерден сақтау, теріс қылықтардан бойын аулақ ұстауға бала кезінен бейімдеу, соның ішінде жастардың жат ағымдар мен идеологиялардың жетегіне еріп кетпеуін болдырмау – аса маңызды, әрі жауапты міндет.

Осы мақсатта Ақтөбе облысы аумағында полицейлер, оның ішінде экстремизге қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері барлық білім беру ұйымдарын қамти отырып, оқушылармен еркін форматтағы кездесулер өткізіп жатыр.

Ашық диалогтар барысында Ақтөбе облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оқушыларға қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқылы таралып жатқан жасанды идеялар мен жалған батырлардың жетегіне ермеу, заңсыз іс-әрекет жасауға шақыратындарға ілеспеу, түрлі деструктивті діни ағымдардан аулақ болу тақырыбында кеңестер берді.

Жастар өз тарапынан полицейлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толғандырған мәселелерін талқылады.. Сонымен қатар бұл кездесулерде оқушыларға терроризм актісі туралы жалған хабарлама берудің құқықтық салдары туралы да түсіндірілді. Себебі жыл басынан бері облыс аумағында екі кәмелетке толмаған жасөспірім ғимараттарға жарылғыш зат қойылғаны туралы полицияға көрінеу жалған хабарлама берген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру