Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандардың туыстары сұрақтарына онлайн жауап алды

Шығыс Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың туыстары сұрақтарына онлайн жауап алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түзеу мекемесінің басты міндеті – сотталған азаматтарды тәрбиелеу. Қазіргі таңда бүкіл әлемді дүрліктірген дертке байланысты елімізде төтенше жағдай режимі енгізілді. Төтенше жағдай режимі кезінде жаза өтеушілердің денсаулықтарын қорғау және санитарлық талаптар мен ережелерді сақтау басты талап екендігі белгілі. Осы талапты қатаң сақтау бағытында сотталғандарға туған-туыстарымен кездесу үрдісі белгілі уақытқа тоқтатылды. Еркіндікті аңсап, бостандықтан айырылған сотталғандардың туыстарымен тағатсыздана күтетін кездесулерінің тоқтатылуы – оларға психологиялық соққы бергені мәлім.


ОВ-156/18 түзеу мекемесінің әкімшілігі жаза өтеушілердің өтінішін ескере отырып, сотталғандардың туыстарымен видео скайп арқылы онлайн режимде жеке сұрақтарын қабылдау туралы шешім қабылдады. Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың туыстарының алаңдататын көкейкесті мәселелерін тыңдап, қорқыныштары мен алаңдаушылықты сейілту болды. Қабылдау кезінде ең басты көп қойылған сұрақтардың бірі – сотталғандардың денсаулығын, сақтау шаралары мен мекеменің карантинге қаншалықты дайын екендігі жайында болды. Мекеме әкімшілігі онлайн режимде сотталушылардың туыстармен сұхбаттасып, барлық сұрақтарға жауап берді.


Онлайн режимдегі ұйымдастырылған қабылдау – мекеме әкімшілігі мен сотталғандардың туған-туыстарымен тығыз байланысты және түсіністік пен сенімділікті орнатты деген ойдамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру