Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарттар үйіне арнап бет перде тікті

Өскемен қаласында жазасын өтеп жатқандар қарттар үйіне арнап 200 дана бет перде тікті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарттарға қоғам болып қолдау білдірді
Әрбір азаматтың қартайған кезіндегі өмірін лайықты ету- мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Дей тұрғанмен, жастық шағын еліміздің гүлденуімен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен аталармен әжелерге құрмет көрсету тек мемлекет тарапынан ғана емес- бүгінгі жас буынның басты парызы екендігін ұмынпаған жөн.

ОВ-156/20 РММ-де жазасын өтеп жатқан сотталған Сергей темір тордың аржағында отырса да, асыл қазынамыз қарттарымызға көмек қолын созу өзінің азаматтық борышы деп біледі. Сергей «Еңбек Өскемен» тігін цехында тігінші болып жұмыс істейді. Бүгінде Өскемен қаласында орналасқан «забота» қарттар үйіне арнап 200 дана бет перде тікті.

«Қорғаныс бетперделерді тігу үшін барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етіп, осындай мүмкіндік бергені үшін мекеме әкімшілігімен
«Еңбек – Өскемен» Республикалық мемлекеттік өндірісінің директорына алғысым шексіз жәнеде елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығымен тыныштығын ту ету, тек лауазымды адамдардың ғана жұмысы емес, бұл баршамыздың азаматтық парызымыз» – дейді Сергей.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру