Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтерден бөтеннің мүліктерін ұрлаған 2 әйел анықталды

Өскемен қаласының полициялары пәтер ұрлаған 2 әйелді анықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында құқық қорғау қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін екі 37 жастағы қаскүнемді ұстады. Ақпан айының ортасында аспалы құлыпты бұзу арқылы бөтен үйге кіріп, микротолқынды пешті, кір жуғыш машинаны, газ баллон, 2 кілем, металл ыдысты, киімдерді жалпы сомасы 300 000 теңгелік заттарды қолды қылған.

Пәтер ұрлығы бөтен мүлікті ұрлау түріндегі қылмыстың бір түрі. Оны жасағаны үшін қылмыскерлерге екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге қамау қаупі төнетін болады.

Қазіргі таңда айғақты заттар тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру