Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рұқсатсыз алкоголь: 15 АЕК айыппұл

Рейдтік шаралар барысында Тереңкөл ауданы полицейлерімен алкогольдік өнімдерді рұқсатсыз сату фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықталғандай, ауыл тұрғыны, жолаушыларды жеке тасымалдаумен айналыса отырып, түнгі уақытта, дүкендер жабық кезде, алдын ала сатып алынған, алкогольдік өнімдерді Тереңкөл ауылының жəне жақын маңдағы ауыл тұрғындарына рұқсатсыз сату фактісін анықтады.

Тексеру барысында, автокөліктің жүк салғыш бөлігінен 50 шөлмек көлемінде сыра жəне 1 шөлмек арақ алынды. Дəл осындай үш шөлмек арақты «құпия» сатушы Луговое ауылының тұрғынына сатып үлгерген. Аталмыш факті бойынша ауыл азаматына қатысты, ҚРƏҚБтК 463 бап 1 тармағы бойынша(лицензиясыз, рұқсатсыз кəсіпкерлікпен немесе басқа қызметпен айналысу) əкімшілік өндіріс қозғалды.
Сот шешімімен бұл адамға 15 АЕК көлемде, айыппұл түрінде əкімшілік жаза салынды. Табылған алкогольдік өнімдер мемлекет түсіміне тəркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру