Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Билік өкілдеріне күш қолданудың 12 ісі тергелуде

Алматы облысының полициясында билік өкілдеріне қатысты күш қолдануға байланысты 12 қылмыстық іс тергелуде, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

Елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап Алматы облысы аумағында билік өкiлiне қатысты күш қолдану деректері бойынша (ҚР ҚК 380 б.) 12 қылмыстық іс тіркелген. 8 іс сотқа айыптау актісімен жіберілген.

“COVID-19 пандемиясы жағдайында полиция қызметкерлері тәулік бойы карантиндік іс-шараларды қамтамасыз етуге жұмылдырылған. Бақылау өткізу тосқауыл бекеттері қойылып, елді мекендердің көшелері және т.б. орындар бақылауға алынды. Аталған барлық қауіпсіздік шаралары азаматтардың игілігі үшін жүргізілуде. Дегенмен, адамдар өзінің, туыстарының және жақындарының қауіпсіздігіне деген жауапсыздық салдарын ескермей , құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттерге барып, енгізілген жалпы шектеулерді бұзуға тырысады”,- деп хабарлайды Алматы облысы ПД Тергеу басқармасы бастығының м.а. Руслан Чарапиев.


Талдау мұндай қылмыстардың басым бөлігі алкогольдік масаң күйдегі азаматтар тарапынан жасалатындығын көрсетті. Барлық қылмыстар өздерінің қызметтік міндеттерін орындап жүрген полиция қызметкерлеріне қатысты жасалуда.

“Облыстық ПД-нің барлық қылмыстық істері Тергеу басқармасының бақылауында, әрбір іс бойынша күдікті адамдар міндетті түрде УҰО-ға қамаққа алынады. Осыған орай, азаматтарды барлық сақтық шараларын және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын қатаң сақтауға шақырғым келеді. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар”, – деп толықтырды  Руслан Чарапиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру