Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері заңсыз айналымнан 3 келіге жуық мефедрон тәркіледі

Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері жедел алдын алу шарасы аясында есірткі сатушыны анықтап, заңсыз айналымнан үш келіге жуық мефедрон тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарасай ауданында жедел-іздестіру шарасы барысында ұсталған 28 жастағы бойжеткен синтетикалық есірткіні заңсыз сақтады және сатты деген күдікке ілінді.

Күдікті үш есірткі қоймасының орнын көрсетіп, одан ерекше иісі бар сарғыш түсті ұнтақты зат табылып, тәркіленді.

Сараптама нәтижесі тәркіленген заттың жалпы сомасы 143 млн теңгені құрайтын, салмағы үш келіге жуық, яғни 7 мың 920 бір реттік дозаны құрайтын мефедрон синтетикалық есірткі заты екенін растады.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі заттарды аса ірі көлемде заңсыз сақтау және сату бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру