Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері саяжай алаптарының төрағаларымен профилактикалық әңгіме жүргізді

Алматы облысының полицейлері саяжай алаптарының төрағаларымен профилактикалық әңгіме жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңірде саяжай алаптарының төрағаларымен профилактикалық әңгімелер жүргізді.

– Өздеріңіз білетіндей, есірткі зертханалары көбінесе шаруа қожалықтары, саяжайлар, қараусыз қалған фермалар, бау-бақша серіктестіктері сияқты шалғай аумақтарда орналасады. Осыған байланысты, полиция қызметкерлері осы учаскелерде тұрақты негізде пысықтау шараларын жүзеге асырады. Саяжай алаптарында тұратын тұрғындарға саяжай үйлерін жалға алған күдікті адамдар туралы сауалнама жүргізеді, – деді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының м.а. Ардақ Қайсаров.

Саяжай мен бау-бақша кооперативтерінің төрағаларына әдетте есірткі өндіретін орындардан қандай ерекше иіс шығатыны, сондай-ақ олардың алаңдаушылығын тудыруы мүмкін басқа факторлар туралы айтылды.

Өз кезегінде қатысушылар күдікті адамдарды немесе автокөліктерді байқаған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға уәде берді.

– Бірлескен күш-жігермен ғана біз есірткі қылмысына лайықты тойтарыс бере аламыз, – деп түйіндеді өз сөзін А.Қайсаров.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 5 есірткі зертханасы анықталды, оның ішінде 3-і синтетикалық есірткі құралдарын дайындау бойынша (Іле ауданында) және 2-і құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру бойынша (Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында) анықталды.

Заңсыз айналымнан 193 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 120 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленіп, жойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру