Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

82 адам блок-бекетті айналып өткені үшін ұсталды

Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде 1264 тәртіп бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын
жалғастырып жатыр.

30 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 1264 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 1211 құқық бұзушылық, оның ішінде 236 адам қамауға алынды, 282 айыппұл салынды, 642 ескерту жасалды, 42 материал
сотқа жіберілді.

ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 53 бұзушылық анықталды, оның ішінде 24 айыппұл салынды, 29 қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері 59 жастағы Ақтөбе тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы 6-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырған, ол 8-март көшесінде тәулік бойы пәтерді жалға берген. Мамандандырылған әкімшілік сотымен әйелге 10 АЕК (27.780 теңге) әкімшілік айыппұл
салынды.

Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтардың саны 82-ге жетті.

Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру