Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полиция инспекторы ІІМ грамотасымен марапатталды

Ақтөбе учаскелік полиция инспекторы Бахтияр Жакупов мұқтаж отбасының жалға алынған пәтерінің ақысын төлеп берген игі іс-әрекеттері үшін ІІМ грамотасымен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-де бейнеконференц-байланыс режимінде ТЖ кезінде көзге түскен ҚР ІІО-ның 47 қызметкері мен әскери қызметшілерін ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімі өтті.

ІІМ басшысы ел үшін қиын кезеңде ІІО қызметкерлері өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, ерекше режимде жұмыс істейтінін еске салды. Карантиндік іс-шараларға қатысумен қатар олар құқықтық тәртіпті қорғау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тәулік бойы қызмет атқарады.

“Мемлекет басшысы ІІМ қызметкерлерінің ТЖ жағдайында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Оның тапсырмасы бойынша карантиндік іс-шараларға тартылған барлық қызметкерлер мен әскери қызметшілер лауазымдық жалақы мөлшерінде сыйақымен ынталандырылады. Барлығы жеке құрамнан 52 мыңнан астам қызметкер ынталандырылады”, – деді министр.

ІІМ-де марапатталғандардың арасында-Ақтөбе қаласының учаскелік полиция инспекторы Бахтияр Жақыпов, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен “Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін” медалімен марапатталды.

Ақтөбе облысы ЖП басшысы Б. Арыстановтың бұйрығымен екі айлық жалақы көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру