Өрттің себептері анықталып жатыр
Қостанай облысында өрт таралып, адамдар құтқарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 сәуірде сағат 19: 00-де «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ Өрт байланысының орталық пультінің «101» нөміріне Қостанай қаласы жеке меншік кәсіпорын аумағында Абай даңғылы бойынша вагон жанып жатқандығы, өрттің таралу қаупі бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына тез арада өрт сөндіру қызметінің екі бірлік өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның сегіз адамы жіберілді.
Келген сәтте металл вагонның ішінде жылытқышпен қапталған және 380В электр қалқан кернеуі 45 ш. м. жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 20.15-те оқшауланып, сағат 21.28-де сөндірілді.
Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің себебі, зиян және кінәлі тұлғалар анықталып жатыр.
30 сәуірде сағат 05:54 -те байланыс пунктінің пультіне Корейский кентінде Мичурин көшесі 17 мекен жайында бір пәтерлі жеке тұрған үй ашық жалынмен жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Қостанай қ. 1-МӨСБ кезекші қарауылы 06:10-да шақырту орнына келді. Осы кезде жеке тұрғын үйде шатырдың ашық жалыны, бөлме аралық қабырға мен еден жанған. Үй кіреберісінде орташа жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден төрт газ баллонын
шығарды.
Жеке тұрғын үйде шатыры, жартылай бөлме аралық қабырға мен еден жанып кетті. Өрттің жалпы аумағы 80 ш. м. құрады. Өрт сағат 06-36-да ауыздықталды. Сағат 06-51-де сөндірілді. Өрт орнында екі бірлік өрт техникасы мен жеке құрамнан 12 адам жұмыс істеді.
Қостанай облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады!