Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ мекемелері “Біз біргеміз” акциясын жалғастырды

Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің бастамасымен қайырымдылық акция жалғасын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика деңгейінде Қызылорда облысы бойынша эпидемиялық ахуал көрсеткіші
жоғары. Осыған орай, ел мүдесіне қызмет жасап жүрген, ұлт жанды отандастар бұл жағдайды жеңілдетудің қамын ойлап, соған сай іс-әрекет етіп жатыр.

ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің басшысы Т.Қалымбетовтың бастамасымен республика бойынша жарияланған “Біз біргеміз” акциясы белсенді түрде үн қосып келеді. Акция негізінде қаланың шалғай елді мекенінде тұратын көп балалы отбасыларға азық-түлік жеткізілді. Мекеме тарапынан бұндай қайырымдылық акциясын жалғастыру мақсатында,мекеме басшысы еріктілерді тарта отырып, тағы бір ізгі іс-шараның орындалуына ықпал етті. РМК “Еңбек
Қызылорда” филиалының директоры Е.Төребеков және “Ас-Ка” ЖШС директоры Д.Маханова
ханыммен бірлесе отырып, мұқтаж жандарға көмек көрсетілді. Бұл жолғы көмек инфекциядан сақтану жағдайында пайдаланатын құралдар болды.

Бұл көмек бойынша Қызылорда облысы Талсуат елді мекенінде орналасқан “арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 1000
дана бір реттік бетперде, 200 дана бір реттік медициналық қолғаптар табысталды. Қолғаптармен
қамтамасыз етуге мекеме қызметкерлері өз еріктерімен демеушілік жасады. Бетпердені
тіккендер осы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар болатын. Оларды жұмыспен
қамтамасыз етіп отырған ,үлкен жүректі азамат РМК Еңбек-Қызылорда филиалының директоры
Е.Төребеков мырза мен “Ас-Ка” ЖШС директоры Д.Маханова бетперде матасымен
қамтамасыз етті. Көмек алушы мекеменің директоры А.Шамшатова қайырымдылық көрсетуші азаматтарға өз ұжымы және қамқоршылықтағы балалар атынан алғыс айтты.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру