Ақтөбеде режим бұзған 237 адам қамауға алынды
Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде 1271 рет тәртіп бұзылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
1 мамырға дейін уақытта Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 1271 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476-бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 1217 құқық бұзушылық, оның ішінде 237 адам қамауға алынды, 282 айыппұл салынды, 645 ескерту жасалды, 44 материал сотқа жіберілді.
ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқықтәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 54 бұзушылық анықталды, оның ішінде 24 айыппұл салынды, 30 қамауға алынды.
Тұрғындардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтардың саны 79–ке жетті.
Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.