Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қазақстан халқының бірлігі күні – біз үшін отбасылық мереке”

Дәстүр бойынша, Қазақстанда бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін әртүрлі ұлт өкілдері 24 жылдан бері Қазақстан халқының бірлігі күнін атап келеді. Polisia.kz редакциясы этникалық топтар достығының шежіресі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда тұрған Алматы полициясының жеке құрамын да айналып өтпеді.


Алматы полициясында қызмет ететін ерлі-зайыптылар бар, олардың екеуі де әртүрлі ұлт өкілдері. Бұл репортаж Түрксіб аудандық Полиция басқармасының кезекші бөлімінің инспекторы Данияр Байдуалиев пен оның әйелі, сол ауданның ювеналды полиция инспекторы Гузель Мұсаева туралы.

“Қазақстан халқының бірлігі күні – біздің отбасымыз үшін өте маңызды мереке. Біз оны тағатсыздана күтеміз. Дәстүр бойынша дастархан жайып, қонақтарды шақырамыз, ұлттық тағамдар дайындаймыз. Бұл жыл біздің елде енгізілген төтенше жағдай мен карантинге байланысты ерекше жыл болды. Біз екеуіміз де қызметте, мерекені тойлауға уақыт жоқ”, – деп түсіндірді Данияр.


Данияр мен Гузель 2007 жылы ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу кезінде, алғашқы дайындық курстарында танысты. Жастар үш жыл бойы дос болды. 2010 жылы отбасын құрды. Бүгінде олар екі ұл тәрбиелеп отыр.

“Біздің әр түрлі ұлт өкілдері екендігімізге қарамастан, бұл біздің бақытты отбасылық өмірге кедергі бола алмады. Біздің керемет ата-анамыз бар. Туыстар бізді әрқашан қолдайды. Біз қазақ және ұйғыр дәстүрлерін құрметтейміз. Осы жылдар ішінде мен қазақ тілін жетік біле бастадым. Ұлдарымыз патриотизм мен бірлік рухында тәрбиеленеді. Айтпақшы, олар өте ақылды және тәуелсіз. Біз 10 жыл бойы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз. Біздің үйде ізгілік пен махаббат орнайды. Бұл ең бастысы”, – деді Гузель.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру