Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Майдангер және ІІО ардагері Григорий Красильниковтің шырғалаң тағдыры

Жеңіс күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев ардагерлерге барып, жылы лебізін білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда СҚО ішкі істер органдары ардагерлерінің арасында үш майдангер бар. Оның біреуі – Григорий Иванович Красильников. Оның майдандағы жолы жеті шақырым асады: ол Хабаровскіден Польшаның Люблин қ. дейін жеткен.

Татарстаннан шақырылған жас мұғалім соғыс шебіне Хабаровск қ. маңында қосылған. 1943 жылы Жапония тарапынан қауіп сейіліп, кеңестік әскерлер батысқа жіберіледі. Курск доғасында үш апта соғысқаннан кейін жарқыншақ тиіп госпитальға жатқызылады.

«Ол жаққа петлицаларында ұшақтары бар әскери келген еді,- деп есіне алады өткенді майдангер.-«Авиацияға барғың келе ме?»-деді маған. Мен: «Авиацияға қалай барамын, мен үш жыл жаяу әскерде болғанмын». Ол: «Үйретеміз!»-деді. Мен келістім…».

1945 жылы Люблин маңындағы аэродромды атқылау кезінде ауыр жарақаттаныпты. Жеңіс көктемінде ауруханада жатып, үйіне қараша айында оралған. Аудандық полиция бөліміне сауатты есепші-хатшы керек болып, оны сол жерге жұмысқа шақырған.

Красильников: «Мен педучилище ғана бітіргенмін. Қалайша есепші боламын?»- деп ішінен күмәнданған. Оған тағы да: «Үйренесің!» деп жауап берген.

Красильников жұмыстың қыр-сырын меңгеріп алады, алайда, кабинетте отырып жұмыс істеу көңілінен шықпаған. Осыдан ол милиция мектебіне оқуға жіберуді өтінген. Оқудан кейін оны Солтүстік Қазақстанға жіберген, осында қылмыстық-атқару жүйесіндегі жедел лауазымдарда ширек ғасыр қызмет атқарған. Ол басқарған колония тың игеру кезіндегі құрылыста жұмыс істеген. Сергеев су қоймасы – Григорий Ивановичтің ерекше мақтанышы. Зейнетке 48 жасында шыққанымен, 80 жасқа дейін жұмыс істеді.

Облыстық Полиция департаменті қызметкерлері ҰОС және ІІО ардагерлерін ұмыт қалдырған емес, оның ішінде Григорий Иванович те бар.

Қызметкерлер ардагерге мерекелік және жұмыс күндері барып тұрады. Ведомстволық госпитальдің медициналық қызметі де ардагердің денсаулығын ұдайы тексеріп тұрады.

Жеңіс күні қарсаңында СҚО Полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев ардагерлерге барып, жылы лебізін білдірді. Бейбіт өмір сыйлаған ұрпақ өкіліне бұл күні соғыстағы ерлігі, борышына деген адалдығы және еңбекқорлығы үшін алғыс айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру