Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда қоғамдық көліктердің санитарлық нормаларды сақтауы тексеріліп жатыр

Петропавлда жолаушылар көлігінің санитарлық жағдайын тексеру бойынша рейд өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жұмыстар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандарымен ұйымдастырылды. Рейдке тәртіп сақшылары да жұмылдырылды.

Бұл рейд барысында мамандар ескерту айтумен шектелді. Рейдті ұйымдастырушылар көлік салонының санитарлық жағдайын, дезинфекция жасауға арналған сұйықтықтар мен заттарды қолдану тәртібін, жүргізушілерде бетперделердің болуы және оны дұрыс қолдана білуін тексерді. Мұның барлығы жазылып алынып, талдау жасалады.

– Рейдтің алғашқы сағатында 11 қоғамдық көлік тексерілді. Жүргізушілердің бетперде киюіне, автобустардың салонында антисептиктердің болуына назар аударылды. Жүргізушілерге соңғы аялдамада автобус салонын залалсыздандыратын сұйықтықтармен тазарту қажеттігі ескертілді, – дейді Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Қанат Әлімжанов.



Санитарлық нормаларды сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырудағы кемшіліктер үшін ешкім жауапкершілікке тартылмады. Әзірше жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер мен лауазымды тұлғалар үшін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан облыс жолдарында автобус жүргізушілерінің тарапынан жол қозғалысы ережелерінің 455 бұзушылығы анықталды. Негізінен олар – көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану мен маневр жасау ережелерінің бұзушылықтары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру