Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші жауапқа тартылды

Петропавлда жаяу жүргіншілерді соғып кетудің екі фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда жаяу жүргіншілердің жарақат алуымен екі жол-көлік оқиғасы болды. 20 мамыр күні шамамен 11 кезінде “Daimler” көлігінің жүргізушісі Чайковский көшесінен Астана көшесіне қарай бұрылған кезде Петропавлдың 23 жастағы тұрғынын қағып кетті. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, тексерістен өткен соң үйіне жіберілді. Жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізушіге қатысты ЖКО фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 600-бабы бойынша хаттама жасалды.

Сол күні Чайковский-Жамбыл көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш қала тұрғыны жарақат алды. “Тойота” автокөлігінің жүргізушісі жолдан бағдаршамның өтуге рұқсат белгісіне өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Чайковский көшесінен бұрылған кезде шетелдік көліктің жүргізушісі екі әйел мен үш жастағы қызға жол бермегені анықталды. Үшеуі де медициналық мекемелерге жеткізіліп, көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. СМС нәтижелері бойынша әкімшілік полиция қызметкерлері ЖКО фактісі туралы жинақталған материалдарды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа жолдайды. 30 жастағы жүргізуші – Петропавл қаласының тұрғыны сәуір айында жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін алты айға көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Сараптама нәтижелері екі жүргізушінің де сау екендігін көрсетті.

– Мұндай жағдайларда жолдағы оқиғаларға алаңғасарлық, асығыстық, көбінесе тәжірибенің болмауы және жүргізуші өтілінің аздығы себепші болуы мүмкін. Жол ережелерін қатаң сақтауға шақыра отыра, біз жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден адами факторларды да назардан тыс қалдырмауларын сұраймыз. Жаз басталысымен мотоциклисттер, велосипедшілер, самокат мінген ересектер мен балалар шыға бастады. Жол қозғалысына қатысатын бұл санаттағыларға көлік жүргізушілері мұқият болулары тиіс. Олардың жылдамдығы жаяу жүргіншілердің жылдамдығымен салыстыруға келмейді, бірақ көбінесе автокөлік жүргізушілері мұны ескермейді. Әрине, кішкентай жаяу жүргіншілер ерекше бақылауда болады. Себебі, уақыттарының басым бөлігін далада өткізетін, жазғы демалыс басталады, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру