Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ мекемелеріндегі басшы құрамның бос лауазымдарын жасақтау жұмысы жүргізіліп жатыр

Алматы қаласы №3660 және №5571 әскери бөлімдеріндегі сарбаздарға құқық қорғау органына қызметке қабылдаудың тәртіптерін жан-жақты түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Кадр саясаты тобының бас маманы Айгерім Жанаманова департаментке қарасты түзеу мекемелеріндегі кіші және аға басшы
құрамның бос лауазымдарын жасақтау мақсатында Алматы облысы Заречный ауылында және Алматы қаласында орналасқан ҚР Ұлттық ұланының №3660 және №5571 әскери бөлімдеріндегі сарбаздармен кездесу өткізді.

Кездесу кезінде сарбаздарға ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығына сәйкес,  ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезіндегі конкурс негізінде қабылдау шаралары мен тәртіптері түсіндірілді. Құқық қорғау органындағы қатардағы кіші және аға басшы құрамға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінен тестілеуден өткен, әскери-дәрігерлік комиссиядан жарамды деп танылған 35 жасқа дейінгі адамдар қабылданады.

А.Жанаманова №3660 және №5571 әскери бөлімдеріндегі сарбаздарға құқық қорғау органына қызметке қабылдаудың бұдан басқа да тәртіптерін жан-жақты түсіндірді. Осындай тиімді үгіт-насихат жүмысының нәтижесінде қылмыстық-атқару жүйесі органына қызығушылық танытқан 78 сарбаздың жеке мәліметтері алынып, Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің мекен-жайы беріліп, құқық қорғау органына қызметке орналасу тәртіптері жазылған буклеттер таратылды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру