Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде тұрғындардан 20-ға жуық қару алынды

Түркістан облысы ПД басшысы Қайрат Дәлбековтің бұйрығы негізінде облыс аумағында 20-22 мамыр аралығында “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алдын алу іс-шарасының екі күнінде тәртіп сақшыларымен 18 дана қару, оның ішінде 17 аңшы қаруы мен бір травматикалық тапанша алынды. Оның арасында 13 аңшы қаруы мен бір травматикалық тапанша тәркіленіп алынса, төрт дана аңшы қаруын тұрғындар өз еркімен тапсырған.


Одан бөлек, 11 дана тегіс ұңғылы қарудың оғы тәркіленді. Сегіз дана ойық ұңғылы қарудың оғын тұрғындар өз еркімен тапсырды. Тәркіленген, ерікті түрде тапсырылған 18 дана заңсыз қару азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобы және ЖПҚ учаскелік полиция инспекторларымен алынды.


Облыс аумағында “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасының екі тәулігінде 3 мыңнан астам қару иелері тексеріліп, нәтижесінде 122 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің екі бабымен жауапкершілік қаралды. 482-бап (заңсыз қару сақтау) бойынша – 12, 484-бап (қарудың сақтау ережелерін бұзу) бойынша 110 құқықбұзушылық анықталып, хаттама толтырылды.


Мысалы, 21 мамырда жылы Ордабасы ауданындағы тоғайдан екі дана яғни ИЖ-17 маркалы бір ұңғылы 16 калибрлі және ИЖ-18 маркалы 16 калибрлі бір тегіс ұңғылы аңшы қаруын заңсыз алып жүрген тұрғын анықталып, қарулар айғақты зат ретінде алынды.


Сондай-ақ, 21 мамырда Кентау қаласының тұрғыны Хантағы ауылында өзен бойымен жылқы іздеп жүргенде аңшы қаруын тауып алғанын айтып, өз еркімен тапсырған. Тексеру кезінде ол еш жерде тіркеуде жоқ “ИЖ” маркалы 16 калибрлі қос ауызды тегіс ұңғылы аңшы қаруы болып шықты.


Оған қоса полицейлердің “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы жайлы түсіндірме жұмыстары арқасында, кейбір тұрғындарымыз өз еркімен заңсыз қаруларын, оқ-дәрілерін тапсырған. Мәселен, Сайрам ауданы тұрғыны бұрын өз үйінен тауып алған, ойық ұңғылы қаруға арналған, сегіз дана оқ-дәрілерді өз еркімен өткізген.


Атап өтер жайт, аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – Түркістан облысы аумағында заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеуге, оларды сатып алу көздерін анықтауға, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау және оларды жоюға, қаруды заңсыз сақтау мен алып жүруімен айналысатын тұрғындар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қарумен жасалатын қылмыстардың алдын-алу, ескерту және оларды ашу, жедел жағдайды тұрақтандыру болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру