Петропавлда 2 пәтерлі тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді
Өрт салдарынан 2 пәтерлі тұрғын үйдің шатыры, шаруашылық құрылыстары жойылды, уақытша үйдің шатыры мен үй мүлкі зақымдалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 маусымда 16 сағат 41 минутта орталық өрт байланыс пунктіне «101» телефоны бойынша Петропавл қаласы, 2-Первомайская көшесі, 16 мекен-жайы бойынша екі пәтерлі ағаш тұрғын үйдегі өрт туралы ақпарат келіп түсті.
Департаментің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ бірінші бөлімшесі келген сәтте үй ашық жалынмен жанып жатты. Өртті сөндіруге СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жеке құрамынан жеті бірлік техника мен 22 адам жұмылдырылды.
Өрт 17.01 мин. оқшауланып, 17.14 мин. толығымен жойылды.
Өрттің алдын ала себебі – отты абайсыз пайдалану. Шығын анықталып жатыр. Өрт салдарынан 2 пәтерлі тұрғын үйдің шатыры, шаруашылық құрылыстары жойылды, уақытша үйдің шатыры мен үй мүлкі зақымдалды.
Өрттің жалпы аумағы 156 шаршы метрді құрады. Газ баллоны эвакуацияланды. Өрт және адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында СҚО ТЖ Департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, әсіресе пештерді пайдалану, тұрмыстық газ және электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау қаупі туралы ескертеді.