Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының Полиция департаменті Рәміздер күнін атап өтті

Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бектөре Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рәміздер күніне орай, бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері сақтық шараларын сақтай отырып сапқа тұрып, Қазақстанның Әнұранын шырқады.

– Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады.
Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!, – деп ПД басшысы Сұлтан Бектөре тілегін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру