ТЖ қызметкерлері саяжай учаскелеріне алдын алу рейдтерін жүргізіп жатыр
Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері саяжай учаскелерінде және бау-бақша серіктестіктерінде рейдтер жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Профилактикалық рейдтерінің негізгі міндеті – саяжай алқаптарындағы өрттің қандай себептерден болғанын және өртті сөндіру кезінде орын алған мәселелерді халыққа жеткізу. Бау-бақша қоғамдарында өткізілетін жүйелі рейдтер, саяжайшылармен әңгімелесулер өткізілседе, өрт жағдайын талдау саяжайдағы өрттер олардың иелерінің қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері туралы түсініктері жоқ немесе оларды өрескел бұзатыны салдарынан пайда болатынын көрсетеді.
Саяжай массивтерінің көпшілігі өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің орналасқан жерлерінен едәуір алшақ орналасқанын ескере отырып, оқиға орнына келген өрт сөндірушілер көп жағдайда тек көрші саяжайды қорғауға үлгереді. Бірақ саяжайдың өрт қызметі бөлімшелерінің орналасқан жерлерінен алыстығы ғана емес, өрт орнына өрт сөндіру автокөліктерінің жолдың қиындығынан өтуі өрттің өшіруіне кедергі болып отыр. Саяжай бірлестіктеріндегі жолдардың тарлығы, саяжайшылардың өздері өрт сөндірушілерге машақат тудырып отыр – кесілмеген бұтақтар, аумақты заңсыз кеңейтулері, турникеттер мен шлагбаумдарды қосады, ал қолданыстағы нормалар бойынша бақша қоғамдарындағы жолдар 3,5 м кем болмауы тиіс.Сондықтан да саяжай иелерінің үміті тек қана өзіне, өзінің ұқыптылығына, ал өрт болған жағдайда – көршілеріне үміт артады.
Алайда, рейд кезінде саяжайшылар өрт қауіпсіздік ережелерін білетіндігін және сақтайтынын көрсетті.
Саяжайдағы өрттердің негізгі себептері: отты абайсыз қолдану, мас күйінде темекі шегу, электр шаруашылығын пайдалану ережелерін бұзу, құрылыстардан (50 м кем емес) нормативтік қашықтықты сақтамай, бақша учаскелерінде қоқысты жағу, балалардың отпен ойнауы болып табылады.
Сондықтан Атырау қаласы ТЖ басқармасы саяжайшыларға кеңес береді:
– көмірқышқыл (немесе ұнтақты) өрт сөндіргішін сатып алу, ал үй тұрғындары оны пайдалана білуі тиіс;
– үйдің жанында бөшкені немесе кез келген басқа да су ыдысын қойыңыз;
– электр сымдарын жөндеумен тек кәсіби мамандар айналысуы тиіс;
– газ баллондарын үйден тыс жерде 5 м қашықтықта сақтау және пайдалану керек;
– қоқыстарды ыдыстарға және тек қатаң бақылаумен ғана жағу керек.