Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Демалыс” жедел алдын алу іс-шарасы басталды

Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың жазғы демалыс кезеңінде 15 мен 30 маусым аралығында облыс аумағында “Демалыс” атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған жоспарлы ЖАІШ барысында ювеналдық полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда, жергілікті жерлерде және жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстарын жүргізді.
ЖАІШ жүргізілген нәтижесінде бірінші күнде ІІБ-на 83 кәмелетке толмағандар жеткізіліп, оның ішінде 81 тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23 – ден 6 дейінгі аралықта жеткізілді. 12 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін атқармағаны үшін әкімшілік
жауапқа тартылды.
ІІБ-ның есебіне 16 кәмелетке толмаған жасөспірім және 14 қолайсыз отбасы алынды. Демалыс басталысымен біздің балалар жолдарда, су қоймаларында, ойын алаңдарында, бақшаларда, аулаларда аса қауіпті болып қалады. Бұған балалардың ауа райы, сапарлары мен қызығушылықтары, бос уақыттың болуы, ең бастысы ересектер тарапынан тиісті бақылаудың болмауы ықпал етеді.
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау-ересектердің басты міндеті. Сіздің балаңыздың демалыстары сәтті өтуі үшін, демалудың болмауы үшін бәрін жасаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру