Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көңілге шипа – кездесу

Солтүстік Қазақстан облысында СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/9 мекемесінде қылмыстық жазасын өтеп жатқандармен кездесуге еліміздің түпкір-түпкірінен адамдар келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 143-бабында Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары көрсетілгендей, сотталғандардың кездесулерінің белгіленген тәртібі мен ережесі бар.

Мәселен қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар ай сайын бір қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы, ал қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар апта сайын бір қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға және мекеме орналасқан елдi-мекеннің шегiнде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өз отбасымен тұруға құқылы.

Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар тоқсан сайын бір қысқа мерзімді және алты айда бір рет ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы. Жазасын өтеушілердің немесе кездесуге келген адамның жазбаша өтініш жасауы бойынша кездесу ұзақтығы қысқартылуы мүмкін.

Сотталғандардың білікті заң көмегін алуы үшін олардың жазбаша немесе ауызша өтініші бойынша адвокаттармен саны, ұзақтығы шектеусіз және олардың құпиялылығы қамтамасыз етілетін жағдайларда кездесулер беріледі.

Мекемеге келген сотталғандарға бірінші кездесу карантин бөлімшесінен шыққаннан кейін беріледі. Кейінгі кездесулер осы Кодекске және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес беріледі.

СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/9 мекемесінде қылмыстық жазасын өтеп жатқандармен кездесуге еліміздің түпкір-түпкірінен адамдар келіп-кетіп жатады. Жалпы әр кездесуден кейін бас бостандығынан айырылған адамның алдағы өміріне деген сенімділігі мен мақсат-мүддесі қалыптасары сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру