Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ерлан Тұрғымбаев әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін қазақстандық тәртіп сақшылары кәсіби мереке – Полиция күнін атап өтуде.

1992 жылғы 23 маусымда Жоғарғы кеңес «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» заң қабылдады, ол біздің мемлекетіміздің тарихында полицияның міндеттері мен функцияларын, оның құқықтары мен функцияларын анықтаған, полицияның практикалық қызметі үшін құқықтық алаңды қалыптастырған алғашқы акт болды.
Ішкі істер органдары қызметінің негізгі қағидаттары ретінде заң жариялылықты, заңдылықты және ең бастысы азаматтардың құқықтарын құрметтеу мен сақтауды бекітті.

Бүгінде ішкі істер министрлігі – елдегі ең көпфункционалды мемлекеттік органдардың бірі, онда 140 мыңға жуық қызметкер, құтқарушылар мен әскери қызметшілер еңбек етеді.

Күн сайын ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері дағдарыс жағдайына тап болған адамдарға көмекке келеді, қылмыстарды ашып, қоғамдық тәртіпті қорғайды.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қайсарлығы мен ерлігін ел басшылығы әрдайым жоғары бағалайды. Тек биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен 94 қызметкер мемлекеттік наградалармен марапатталды. Ішкі істер органдарының 2757 қызметкері, оның ішінде карантиндік іс-шаралар кезінде көзге түскендер ведомстволық наградалармен марапатталды.

– Полиция қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бұл қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін, сондай-ақ көшелердегі тәртіпті қамтамасыз ету. Ол үшін бізде барлығы: тәуелсіздік жылдары Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қалыптастырған қуатты мемлекеттік жүйе, сондай-ақ біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жан-жақты қолдауы бар.
Ішкі істер органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру жақсарды. Қазіргі заманғы құралдар мен техниканы пайдалана отырып, полиция мобильді құрылымға айналды. Бұл қылмыспен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңдағы біздің басты міндетіміз – құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі көзге анық көріне бастады, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әріптестері мен ардагерлерге арнаған өз құттықтауында. Полиция қызметкерлері күн сайын өз өмірін ойланбастан қатерге тігіп, қиын жағдайға тап болған отандастарына көмекке келеді деп атап өтті ведомство басшысы. Өкінішке қарай, Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын атқару кезінде 791 қызметкер қаза тауып, 2555 адам жарақат алды. Біз антына адал болып қалған әріптестерімізді ешқашан ұмытпаймыз, – деп түйіндеді ол құттықтау сөзінде.

Ішкі істер органдарының дәстүрлері ондаған жылдар бойы қалыптасқан. Сондықтан да бұл күні ел үшін көп еңбек сіңірген және жас қызметкерлерді тәрбиелеуге үлес қосып жүрген ардагерлерді әрдайым үлкен ілтипатпен атап өтуге тиіспіз.

Ерлан Тұрғынбаев бұдан әрі ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін құттықтап, оларға мықты денсаулық пен бақыт тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру