Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арманын ақиқатқа айналдырған Алмат

23 маусым – Қазақстан полициясы күні қарсаңында Polisia.kz редакциясы Отанына адал қызмет етіп, ел қорғаны болған полицейлер туралы жарияламақ.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде режим бөлімінің бастығы Алмат Альназаров бүгінде тәжірбиелі қызметкерге, кәсіби маманға айналды.

Қылмыстық- атқару жүйесі саласының ыстығына күйіп, суығына тоңып, қызметтің қыр-сырын жете меңгерген Алмат Нұртасұлы қарапайым отбасында дүниеге келген.

Әр баланың ата-анасына  қарап бой түзейтіні жасырын емес. Әкесі Нұртас Альназарұлы құрылыс саласында еңбек етіп, зейнеткерлікке шықса, ал анасы Бақыткүл Есқалиқызы медицина саласының ардагері. “Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды” демекші, ата-анасының тағылымды тәрбие мектебі әріптесімді адалдыққа, жауапкершілікке тәрбиеледі.Тәлім – тәрбиенің арқасында оның өмірге деген құлшынысы артып, алға қойған  арманы мақсаты болды. Бала арманы құқық қорғау қызметкері болу еді.

1988-1998 жылдары Қызылорда қаласындағы 235  орта мектепті бітірген соң, 1998 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті атанады. Студенттік жылдары қоғамдық жұмыстарға етене араласып, белсенді жастың бірі болады. 2003 жылы университетті жақсы көрсеткіштермен аяқтап, заңгер мамандығын алып шығады. Жалындап тұрған жігіт, нормативтік сынақтан сүрінбей өтіп, ЗК-169/5 мекемесіне бақылаушы болып жұмысқа қабылданды.

Бақылаушы қызметінен бастаған ол уақыт өте осы мекеменің аға бақылаушысы, аға инспектор, сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің жасақ бастығы қызметтерін атқарған.  Қазіргі уақытта осы мекемеде жедел бөлімінің бастығы қызметінде.

Сотталғандарды қатарға қосудың бір амалы-тәрбие.Қиындығы мен қызығы қатар жүретін сала болған соң кейде сотталғандардың арасында тәрбие көнгісі келмейтін адамдар да кездесетіні айдан анық. Осындайда сабырлықты жанына серік ете білген кейіпкерім қандай жағдайда болмасын сабырмен шешуге тырысады екен. Алмат мекемеішілік шараларға белсене қатысады. Спорттан да құр алақан емес.

Әрдайым жас мамандарға қызметтің қиындығы мен жауапкершілігі үлкен шыдамдылықты қажет ететінін тілге тиек етіп, өз тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңесін  айтып отырады.

Бүгінде ҚР ІІМ-нің  “Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін” 10 жыл, 15 жыл, 20 жыл медалдарымен,  “Қазақстан полициясына 25 жыл” медалімен, “Қылмыстық –атқару жүйесінің үздігі” төсбелгісімен, ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының Грамотасымен,  Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының Грамоталарымен, Алғыс хаттарымен, марапатталғанАталған марапаттарының бәрі қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, заңдылықтың бұзылуына жол бермей, басшылық тарапынан жүктелген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындай білетіндігінің дәлелі.  

Жұбайы Гүлмира екеуі асықтай екі ұлды тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.  Біз де мереке қарсаңында Алмат Нұртасұлына ел игілігі жолында еңбегіне табыс, мықты денсаулық, отбасына амандық тілейміз. Бала арманын ақиқатқа айналдырған полицейдің талай асуларды бағындыратынана сенім мол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру