Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысындағы тергеу изоляторында 3 ит қызмет етуде

Қызылорда облысындағы тергеу изоляторында 3 ит қызмет етуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ЗК-169/1 мемлекеттік мекемесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 3 ит қызмет етуде.

РжКБ-нің кинолог маманы Ғ. Томаевтың айтуынша, “Оскар”, “Оска”, “Лютый” атты иттердің жасы алтыда. Қарауылдық иттерді периметр аумағын күзетуге, жазасын өтеушілердің серуендеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қажеттілігіне қарай тінту шараларын жүргізгенде пайдаланады.

– Менің қызметтік міндетіме иттерді қарау, уақтылы тамақтандыру, үйшіктерінің ішін, айналасын тазарту, жуындырып, денесіне дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуді қадағалау жатады. Сонымен қатар, қызметтік талаптарға сәйкес, іздеу, тінту жұмыстарына үйрету жаттығуларын дамытып отырамын. Өйткені иттер ұзақ уақыт бойы қызметке қолданылмаса, қызмет барысында қателесуі мүмкін. Сондықтан біз оларды күнделікті арнайы контингентпен өтілетін тінту, тексеру жұмыстарына қатыстырып, қызметтік қабілетін арттырып отырамыз, – дейді кинолог маман.

– Жалпы біздің мекемеде екі кинолог маманы жұмыс істейді. Қызметтік иттерді жаттығу жұмыстары жоспарға сай атқарылуы, иттің дайындық дәрежесін және тағайындалуын ескере отырып, есірткі, жарылғыш заттарды анықтау және иіспен жұмыс жасау командаларды орындау, сотталғандарды айдауыл кезінде бейімдеу, негізгі қоршаудың ішіндегі тыйым салынған заттарды анықтау, ізге салу бойынша мінез-құлық ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыстар атқарылады. Мекеме теңгеріміндегі бельгиялық овчаркалардың әрқайсысының жеке құжаттары бар. Онда иттің жасы, аты және ең бастысы екпе қабылданғандығы жөніндегі мәліметтері жазылған, – деп мәлімдеді РжкБ-нің бастығы Жаңаберген Мамай.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру