Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас жүргізушілер 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Түркістан облысының полицейлері мас халде көлік басқарған екі жүргізушіге қатысты сот үкімін шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері кешкі сағат 16:00 шамасында күнделікті жұмыстарын жүргізу барысында жол ережелерін бұзып келе жатқан “Ваз-21070” маркалы автокөлікті байқап, тоқтатты. Оны тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің мас күйіне күдіктеніп, медициналық сараптама тағайындады.

Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің мас екені анықталды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары кешкі сағат 17:30 шамасында “Daewoо Nexia” маркалы автокөлікті тоқтатты. Оның да мас халде болуына күдіктеніп, сараптама тағайындады. Қорытындысына сәйкес жүргізушінің мас екені расталды. Полиция қызметкерлері аталған жайттарды ӘҚБтК 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркеді. Осылайша полиция қызметкерлері аталған жайттарға байланысты іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында Ордабасы аудандық сотына жолдады.

Сот жүргізушілерді ӘҚБтК 608-бабына сәйкес кінәлі деп танып, екі көлік иесін де жеті жылға автокөлік басқару құқығынан айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға үкім етті. Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ мас халде көлік басқарып, өзіңізбен қоса өзгенің де өмірін қатерге тікпеу керектігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру