Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

100-ден астам полиция қызметкері марапатталды

СҚО-да 100-ден астам полиция қызметкері кәсіби мерекелерінде шыққан мерекелік бұйрықпен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция ведомствосы кәсіби мерекелерін салтанатты іс-шараларсыз жұмыс орындарында қарсы алуда. Дегенмен, көңіл күй көтеріңкі. Себебі, бүгін әріптестері «полиция полковнигі» арнайы атағын алып, аға офицерлік буынның қатарына жаңадан қосылған СҚО ПД Штабы бастығының орынбасары Бақытжан Әлбековті құттықтауда. Оған мерзімінен бұрын полиция полковнигі арнайы атағы берілді.

Оның ішкі істер органдарындағы еңбек өтілімі – 22 жыл. Еңбек жолын қарапайым тергеушіден бастап, түрлі лауазымдарда қызмет атқарды, жеке құрамды басқарды. Соңғы үш жылдан бері департаменттің кезекші бөлімдеріне жетекшілік етіп келеді. Бұл жұмыстардың ең бір ауыр бағыттарының бірі.

– Біздің міндетіміз – шұғыл түрде ақпарат жинау, оқиға орнына күш пен құралдарды жедел жинау. Кез-келген қылмыс жөніндегі ақпарат кезекшілік бөлімге түседі, біз сол жерден полицияның кешенді күшін таратамыз. Шұғыл әрекет етуді қажет ететін қоңыраулар бойынша жедел шаралар қабылдауымыз керек, – дейді ол.


Тәулігіне жүзден астам шақырту келіп түседі – мұнда ешкім оған таң қалмайды. Жедел басқару орталығы үздіксіз жұмыс істейді. Қылмыстар мен оқиғалар, патрульдер мен жедел-тергеу топтарының жұмыстарын бақылау, бөліністер арасындағы байланыс… ТЖ режимі шеңберінде құрылған жедел штаб құрамында болған кезде және карантиндік іс-шараларды ұйымдастыруда жедел басқару орталығына келіп түсетін ақпарат легімен жұмыс істеу септігін тигізді. Бұл Бақытжан Қайратұлына таңсық емес. Себебі әдетке айналған ұйқысыз түндердің тағы бір кезегі келді. Экстремалды жағдайларда аянбай қызмет еткені және кәсібилігі үшін ол «полиция полковнигі» арнайы атағын мерзімінен бұрын иеленді.

СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың мерекелік бұйрығында барлығы жүзден астам қызметкердің есімі жазылған. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, облыстық департаменттің бұйрықтарымен, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың жарлығымен олар медальдар, төсбелгілер, хаттар, алғыс хаттармен марапатталды. Бес қызметкер жаңа атақтарға ие болды. Қоронавирус пандемиясына байланысты салтанатты іс-шараларға шектеу қойылғанына қарамастан мерекелік бұйрықта аталып өтілгендер үшін көңіл күй көтеріңкі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру