Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан 16 мал ұрлығы тіркелді

СҚО-да мал ұрлығының алдын алу – полиция ведомствосының бақылауында тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері мал ұрлығының алдын алу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Олар халықпен, жергілікті атқарушы билік өкілдерімен кездесіп, қылмыстық қолсұғушылықтан қорғанудың сенімді тәсілдердің басымдықтарын түсіндіреді. Әңгіме малдың иесі, бақташы және жергілікті әкімдіктер арасында үшжақты шарт жасау туралы. СҚО Аққайың, Мамлют, Тимирязев аудандарында, Ғ. Мүсірепов ат. және Шал ақын аудандарында бұл тәжірибені қолданып та кетті, аталған аудандарда мал ұрлығы сиреді. Мәселен, жыл басынан  Ғ. Мүсірепов ат. ауданда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 – бабы «Мал ұрлығы» бойынша екі факті тіркелген, екі жағдайда да ұрылар қораларына түскен.

– Сондай-ақ бақташының малға қарауы жануарлардың жайылымнан жоғалуын төмендетеді, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров. – Жоғалған малды іздеу – күрделі процесс, аудандарда әр факті бойынша іздеуге көп адамдар тартылады, іс-шаралар бірнеше күнге созылуы мүмкін. Ұйымдастырылған түрде бағу, сондай-ақ жануарларға таңба салу – көптеген проблемалардан құтылатын тиімді әдістер. Бұл бағытта ақпараттандыру жұмыстарына зор мән беріледі.

Сонымен қатар, полицейлер әкімшілік жауапкершілікті де естен шығармауды ұсынады. Бұл егістікке түскен, шабындықты бүлдірген, екпелерді таптаған мал иелеріне қатысты. Қаңғырып жүрген мал жол-көлік оқиғаларының жасалуына да себеп болып жатады. Сондықтан заң шығарушы билікпен еркін жайылымға тыйым салатын, ауылшаруашылық жануарларын бағудың типтік ережелері әзірленді. Сәйкесінше, қаңғырып жүрген мал иелеріне ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу» бойынша жауапкершілік қарастырылады. Кейбіреулерінің өз мүлктеріне салғырт қарауының соңы залалдарға әкеп соғып жатады.СҚО-да жыл басынан 16 мал ұрлығы орын алса, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 41 ұрлық тіркелген, 61% – ға төмендеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру